Ресей президенті Путин Қытаймен бірлескен «Сібір қуаты» газ құбырын «ғасыр келісімі» деп атады.
Фото: Unsplash
Ресей президенті Владимир Путин қандай келісімді «ғасыр келісімі» деп санайтынын айтты. Бұл туралы ол «Жиннь жибао» басылымының «Ресей мен Қытай – болашаққа бағдарланған серіктестік» материалында жазды. Мақала Кремль сайтында жарияланды.
Путин Ресейдің Қытаймен ынтымақтастығына тоқталып, екі елдің ұзақ мерзімді бірлескен жоспарлары мен бағдарламаларының сәтті жүзеге асырылып жатқанын баса айтты. Сөйтіп, ауқымы жағынан ол «Сібір қуаты» магистральды газ құбырын ғасыр мәмілесі деп атады. Мемлекет басшысы отандық мұнай мен көмірді жеткізу көлемі де артқанын атап өтті.
«Біздің мамандардың қатысуымен Қытайда жаңа атом электр блоктары салынуда, қытайлық компаниялар СТГ жобаларына белсенді қатысуда, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық нығаюда. Біз ғарыш кеңістігін бірге зерттеп, жаңа технологияларды дамытып жатырмыз», — деді Ресей басшысы.
Қаңтарда «Газпром» Қытайға газ жеткізудің жаңа рекордын жариялады. Корпорация мәліметінше, тәуліктік жеткізілімдер 1 және 3 қаңтарда жоспарланған мәннен асып түсті (екінші жағдайда – 0,45 пайызға) және осы бағыт бойынша айдау рекорды жаңартылды.